Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 47/05 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Cаран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 тамыздағы № 52 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы негізінде Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы бірлескен Саран қаласы әкімдігінің қаулысы мен Саран қалалық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері бекітілсін.

      2. Осы бірлескен Саран қаласы әкімдігінің қаулысы мен Саран қалалық мәслихаты шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласы әкімінің м. а. А. Сулейменов
      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

  Бірлескен Саран қаласы
әкімдігінің
2023 жылғы "27" шелдедегі №
47/05 қаулысы мен
Саран қалалық мәслихатының
2023 жылғы "3" тамыздағы №
52 шешіміне
қосымша

Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

№ р/с

Атауы

Жалпы ауданы, гектар

1

Саран қаласы және Ақтас кенті

100


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады