"Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 29 наурыздағы № 14/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкім аппаратының басшысы Н. Ю. Циолковскаяға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 14/01 қаулымен бекітілген

"Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ұйымдық-құқықтық нысанындағы Шахтинск аймағының аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мемлекеттік елтаңба бейнеленген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев атындағы даңғылы, 101 құрылыс.

      9. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары:

      1) Шахтинск қаласы және кенттер аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу;

      2) құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде қолайлы мекендеу және тіршілік ету ортасын қамтамасыз ету, Шахтинск аймағының тұрақты дамуы.

      13. Мемлекеттік мекеменің өкілеттігі:

      1) Құқығы мен міндеттері:

      мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

      мемлекеттік мекеменің қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық деректердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;

      қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      Шахтинск қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері бар.

      14. Мемлекеттік мекеменің функциялары :

      1) Шахтинск қаласы және кенттер аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік басқару;

      2) мемлекеттік бағдарламаларға, аумақтарды дамытудың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларына, құрылыс нысандарының бизнес және мастер - жоспарларына енгізу бойынша инвестициялық ұсыныстар дайындау;

      "құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы" ҚР ҚН талаптарына сәйкес белгіленген нысанды жобалауға тапсырма жасау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іздестіру, жобалау жұмыстарын орындауға және мердігерлік шарттар жасасуға жобалау ұйымын таңдау;

      оң қорытынды алу үшін жобалау (жобалау-сметалық) сараптамаға (мемлекеттік, экологиялық және қажет болған кезде басқалары) беру;

      құрылысқа (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға) арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекіту, "Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту қағидаларымен" сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін;

      3) құрылысты ұйымдастыру және құрылыс алаңын игеру: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мердігерлік жұмыстарды жүргізу үшін мердігерді таңдау және мердігерлік шарттар жасасу;

      мемлекеттік нормативтерде, жобалау-сметалық құжаттамада белгіленген талаптарға, сондай-ақ Шарттың талаптарына жауап беруі тиіс орындалатын жұмыс түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау;

      жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынасты қоса алғанда, жалпы құрылыс жүргізуді жүзеге асыру;

      4) қаржыландыру, есепке алу және есептілік:

      заң актілерінде немесе мердігерлік шарттарында белгіленген мерзімде және тәртіппен сметада көзделген мөлшерде орындалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қабылдауды және оларға ақы төлеуді қамтамасыз ету;

      "мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесіне"сәйкес бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

      5) құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға беру;

      6) нысандарды пайдаланушы ұйымдарға беру;

      7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылыс процесін техникалық қадағалауды және технологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады, Бөлімнің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бөлімнің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      3) штат санының лимиті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің штат санын бекітеді;

      4) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      6) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

      8) шарттар жасайды;

      9) сенімхаттар береді;

      10) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      11) банк шоттарын ашады;

      12) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      13) уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауапты болады.

      18) заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледі;

      19) мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және оның осы ережесімен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес бөлім қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

      20) Бөлім қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, азаматтарды жеке қабылдау, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуі;

      21) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      22) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;

      23) мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекітеді;

      24) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітеді, Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.

      19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, басқа да заң актілерінде көзделген тәртіппен қайта ұйымдастырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру қосылу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құру нысанында және заңдарда көзделген басқа да нысандарда жүргізілуі мүмкін.

      Мемлекеттік мекеме, біріктіру нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған ұйым (ұйымдар) мемлекеттік тіркелген кезден бастап қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

      Мемлекеттік мекеме оған басқа мемлекеттік мекемені біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде қосылған мемлекеттік мекеме қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбалар заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізілген кезден бастап олардың біріншісі қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

      Мемлекеттік мекеме оған басқа мемлекеттік мекемені біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде қосылған мемлекеттік мекеме қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбалар заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізілген кезден бастап олардың біріншісі қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

      23. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және басқа да заңдарда көзделген негізде және тәртіппен ерікті түрде (оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша) және мәжбүрлеп (сот шешімі бойынша) таратылуы мүмкін. заңнамалық актілермен.

      24. Мемлекеттік мекеме таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік, егер заң актілерінде өзгеше тәртіп көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады