"Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 24/06 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №29/14 қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Ю. Циолковскаяға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

  Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 24/06 қаулысына қосымша

      "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №29/14 қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесінде 14-тармақта 15), 16) тармақшалар алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады