"Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 29/14 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Ю. Циолковскаяға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі А. Халтонов

  Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 29/14 қаулысымен бекітілген

"Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шахтинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Шахтинск қаласы әкiмнiң және әкімдігінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50А.

      9. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) қала әкімі және әкімдігінің ақпараттық – талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық және материалдық – техникалық қызметтерін қамтамасыз ету;

      2) қала әкімінің және әкімдігінің актілерінің, әкімнің және әкім орынбасарлары мен қала әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және орындалуына бақылау жасау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

      - ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      2) Міндеттері:

      - Шахтинск қаласы әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңнамаларымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері бар.

      14. Функциялары:

      1) кент әкімдерінің, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қаланың атқарушы органдарының жұмысын зерделеу және талдау;

      2) қала әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

      3) әкімнің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу, әділет органдарында тіркеу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

      4) қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, сонымен қатар кент әкімдерінің атқарушылық тәртібінің жағдайын талдау;

      5) мемлекеттік мекеменің жұмысын жоспарлау, әкімдіктің отырысын, кеңестерді, семинарларды және өзге де іс-шараларды өткізуге дайындық жүргізуді және өткізуді ұйымдастыру;

      6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, Қарағанды облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;

      7) мемлекеттік мекемеде іс қағаздарды жүргізу, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасына сәйкес құпия іс қағаздарын жүргізу;

      8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және қызметтік құжаттарды қарау;

      9) басшылықпен азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;

      10) мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қолдану;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;

      12) "электронды үкімет" бағдарламасын қолданысқа енгізу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      13) грамотамен, мемлекеттік наградамен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау;

      14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындау бойынша мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      15) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 26.05.2023 № 24/06 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      16) алынып тасталды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 26.05.2023 № 24/06 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      17) терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 26.05.2023 № 24/06 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 25.04.2024 № 18/04 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      15. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымғы тағайындалады және қызметтен босатылады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеме жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

      4) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің барлығына міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      5) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      7) шарттар жасайды;

      8) банктік шоттар ашады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауапты болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      18. Мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады