Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысы негізінде, Шахан кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шахан кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентінің келесі құрамдас бөліктері:
1) Добровольский көшесі - Кенесары Қасымұлы көшесіне;
2) Спортивная көшесі - Тұран көшесіне;
3) Суворов көшесі – Әділ Нұркенов көшесіне;
4) Свердлов көшесі - Гүлдер көшесіне;
5) Вишневая көшесі - Шиелі көшесіне;
6) Строителей және Строительная көшелері - Бауыржан Момышұлы көшесіне;
7) Старый Шахан, Совхозная, Центральная, Абай көшелері – Мәнжі батыр көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахан кентінің әкімі | Г.А.Умирбеков |