Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында, Вольный, Жаңа Қараған, Қызыл кенттерінде құрамдас бөліктердің атауын өзгерту және олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 64/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/146 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысы негізінде тиісті аумақтар халқының пікірін ескере отырып, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Құрамдас бөліктердің атауы өзгертілсін және олардың атауларының транскрипциясы өзгертілсін:

      1) Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында:

      Железнодорожная көшесі – Теміржолшылар көшесіне;

      Транспортная көшесі – Береке көшесіне;

      Южная көшесі – Ақбиік көшесіне;

      Юбилейная көшесі – Наурыз көшесіне;

      Степная көшесі – Шаңырақ көшесіне;

      Интернациональная көшесі – Мирас көшесіне;

      Стадионный тұйық көшесі – Жігер тұйық көшесіне;

      Угольный тұйық көшесі – Бейбітшілік тұйық көшесіне;

      Центральный тұйық көшесі – Орталық тұйық көшесіне;

      Автомобилистов тұйық көшесі – Атамекен тұйық көшесіне;

      Медицинский тұйық көшесі – Сарыарқа тұйық көшесіне;

      Горняков тұйық көшесі – Кеншілер тұйық көшесіне;

      Калинин тұйық көшесі – Толағай тұйық көшесіне;

      Энтузиастов тұйық көшесі – Тұран тұйық көшесіне;

      Железнодорожный тұйық көшесі – Керуен тұйық көшесіне.

      2) Қарағанды облысының Абай ауданы Абай қаласының Вольный кентінде:

      Ермак көшесі – Лев Гумилев көшесіне;

      Угловая көшесі – Бірлік көшесіне;

      Аварийная көшесі – Қарқаралы көшесіне;

      Балтыкульская көшесі атауының транскрипциясы – Балықтыкөл көшесіне өзгертілсін;

      Уральская көшесі атауының транскрипциясы – Орал көшесіне өзгертілсін;

      Казанская көшесі атауының транскрипциясы – Қазан көшесіне өзгертілсін.

      3) Қарағанды облысының Абай ауданы Абай қаласының Жаңа Қараған кентінде:

      Донская көшесі – Ардагерлер көшесіне;

      Сахалинская көшесі – Бастау көшесіне;

      Нуринская көшесі атауының транскрипциясы – Нұра көшесіне өзгертілсін.

      4) Қарағанды облысының Абай ауданы Абай қаласының Қызыл кентінде:

      Путевая усадьба көшесі – Керуен көшесіне;

      Подстанция көшесі – Байқоңыр көшесіне;

      Тельман көшесі – Жетісу көшесіне;

      Макаров тұйық көшесі – Алатау тұйық көшесіне өзгертілсін.

      2. Абай ауданы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы мен Абай аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Абай аудандық мәслихатының әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы Абай ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Абай аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі С. Оспанов
      Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады