Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 28/315 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4673 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда айтылған шешіммен бекітілген, "Абай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі;";
мынадай редакциядағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың "Б" корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз 4-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста болған, еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде болған "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау осы Әдістеменің 6-тарауында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
Осы Әдістеменің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.";
мынадай редакциядағы 6-тараумен толықтырылсын:
"6-тарау. 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде болған "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібі
43. НМИ бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында тікелей басшымен осы Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
44. Тиісті НМИ бар жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшы бекітеді.
45. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
46. НМИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді) болуы тиіс.
47. НМИ саны 5 құрайды.
1-параграф. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
48. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Тәртіптің 10-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
49. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.
НМИ барлығы орындалған жағдайда "Функционалдық міндеттерді тиімді орындайды" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "Функционалдық міндеттерді тиісті түрде орындайды" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық орындайды" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз орындайды" баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
50. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
51. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
52. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
53. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
54. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
55. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
2-параграф. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
56. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін үш жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
57. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
58. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
59. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
60. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
61. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
62. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
63. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының (бұдан әрі – хаттама) жобасын.
64. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
65. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.
66. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және хаттамада тіркеледі.
67. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
68. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
69. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
70. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.";
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8- қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімге 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес 9, 10 және 11-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Әдістеменің 2-тармағының 12) тармақшасы, 5-тармағының екінші абзацы және 6-тарауы, сондай-ақ, Әдістемеге 9, 10 және 11-қосымшалар 2023 жылдың 31 тамызына дейін әрекет ететіні белгіленсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Сакенов |
Құрылымдық бөлімше (мемлекеттік орган) басшысының жеке жұмыс жоспары
_________________________________________________
жыл (жеке жоспар құрылатын кезең)
Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): __________________________ Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________
№ р/р | НМИ атауы | "А" корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімі | Түйінді нәтиже* | ||||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
Ескертпе: нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер.
НМИ бойынша бағалау парағы
________________________________________________
(бағаланатын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
________________________________________________
(бағаланатын кезең)
№ р/р | НМИ атауы | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | ||||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |||
Кестенің жалғасы
НМИ пайыздық іске асуы | Бағалау | ||||||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
Қорытынды бағалау _______________
НМИ санына бөлінген НМИ бойынша бағалау сомасы
Бағалау нәтижесі: ____________________
(функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық
міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін
қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін
қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға).
Қызметшінің бағалау нәтижесі қорытынды бағаның негізінде қойылады
Бағаланатын адам Бағалайтын адам
___________________________________ ___________________________________ (тегі, бас әріптер) (тегі, бас әріптер)
күні_________________________________ күні_________________________________
қолы________________________________ қолы________________________________
Нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты рұқсат етілетін бағаны анықтау кестесі
Нысаналы мақсатты индикаторды пайызбен және саралау параметрлерін іске асыру | Рұқсат етілген бағалау ауқымы* |
100 және одан жоғары | 5 |
95-99,99 | 4,75-4,99 |
90-94,99 | 4,5-4,74 |
85-89,99 | 4,25-4,49 |
80-84,99 | 4-4,24 |
75-79,99 | 3,75-3,99 |
70-74,99 | 3,5-3,74 |
65-69,99 | 3,25-3,49 |
60-64,99 | 3-3,24 |
55-59,99 | 2,75-2,99 |
50-54,99 | 2,5-2,74 |
45-49,99 | 2,25-2,49 |
40-44,49 | 2-2,24 |
35-39,99 | 1,75-1,99 |
30-34,99 | 1,5-1,74 |
25-29,99 | 1,25-1,49 |
20-24,99 | 1-1,24 |
15-19,99 | 0,75-0,99 |
10-14,99 | 0,5-0,74 |
5-9,99 | 0,25-0,49 |
0-4,99 | 0-0,24 |
Ескертпе: Бағалау нысаналы мақсатты индикаторды іске асыру пайызына байланысты айқындалады. Бұл ретте рұқсат етілген ауқымда бағалаушы адам өз қалауы бойынша баға қояды.
Саралау әдісі бойынша бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә. ____________________________
Бағалайтын қызметшінің (құрылымдық бөлімше/мемлекеттік орган басшысының)
Т.А.Ә. __________________________
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі -
бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша саралау
әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.
Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.
Параметрлер | Критерийлер | Бағалау (1-ден 5 баллға дейін) | Негіздеме |
1.Функционалдық міндеттерді орындау сапасы* | Негізделген ескертулер мен шағымдардың болмауы | ||
2. Міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау | Құжаттарды, тапсырмаларды орындау мерзімдерінің бұзылмауы | ||
3. Дербестік және бастамашылық. | Қызметшінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алуы. Мемлекеттік орган қызметінің саласын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен пысықталған тәсілдерде бастамашылдық таныту. Мемлекеттік орган міндеттерін орындаудағы белсенділігі мен қатысуы. | ||
4. Еңбек тәртібін сақтау | Дәлелді себептерсіз жұмыстан кешікпеу, уақытынан бұрын жұмыстан кетпеу, тәртіптік жазасының болмауы, қызметтік әдептің бұзылмауы. | ||
Орташа қорытынды баға |
Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады (қанағаттанарлықсыз баға). Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қойылған бағаға негіздеме ___________________
Құрылымдық бөлімшелер басшыларының 360 әдісімен бағалау парағы
Құрылымдық бөлімше басшысының Т. А.Ә___________________
Құрметті респондент!
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
№ р/р | Құзыреттердің атауы | Құзыреттер бойынша сұрақтар | Жауаптар |
1 | Қызметті басқару | Стратегиялық мақсаттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді | |
Бөлімшенің қойылған міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды | |||
Басымдық бере отырып, бөлімшенің жұмысын тиімді ұйымдастырады | |||
Қызметті басқару бойынша орташа баға | |||
2 | Тиімді коммуникацияларды құру | Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақтастыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі | |
Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткізеді және әріптестерінің пікірін ескереді | |||
Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады | |||
Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға | |||
3 | Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану | Әдеп кодексіне сәйкес барлық жағдайларда әдеп мінез-құлық ережелерін қатаң сақтайды | |
Парасаттылық, шынайылық, тілектестік, әріптестері мен мүдделі тараптарға сыйластық қағидаттарын ұстанады | |||
Күйзелістік жағдайда өзін ұстай алады, шешім іздейді және табады | |||
Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану бойынша орташа баға | |||
4 | Өзгерістерді басқару | Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды | |
Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді | |||
Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді | |||
Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға | |||
5 | Нәтижеге бейімделу | Күрделі мақсаттар қойып, оларға қол жеткізеді | |
Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш салады | |||
Нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзіне алады | |||
Нәтижеге бағдар бойынша орташа баға | |||
6 | Дербестік және шешім қабылдау дағдылары | Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспарлай алады | |
Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады | |||
Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады | |||
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға | |||
7 | Команданы басқару | Ешқашан адамдарға тәуелді емес, әрқашан жеке ұнату немесе ұнатпаудан аулақ бола алады | |
Өзара әрекеттесу және ынталандыру кезінде бағыныштының даралығын анықтай және ескере алады | |||
Команданы шабыттандыра және ынталандыра алады | |||
Команданы басқару бойынша орташа баға | |||
8 | Көшбасшылық қасиеттер | Ынта мен талантты, өз-өзіне деген сенімді көрсетеді | |
Харизматикалық тұлға, бағыныштыларды ынталандыру үшін өзінің тұлғалық күшін пайдаланады | |||
Қызметкерлерді ынталандыруға дайын, көтермелеу мен сөгіс арақатынасын сауатты таңдайды | |||
Көшбасшылық қасиеттер бойынша орташа баға | |||
9 | Ынтымақтастық | Құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара тиімді іс-қимыл жасауға бағдарлайды | |
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады | |||
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жоспарларды іске асырады және ортақ нәтижелерге қол жеткізеді | |||
Ынтымақтастық бойынша орташа бағалау | |||
10 | Жеделділік | Ұжымға жаңа басымдықтарды уақтылы жеткізеді | |
Өзгерістерге уақтылы әрекет ету үшін тиімді шараларды әзірлейді | |||
Бөлімшені тиімді басқарып, ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізеді | |||
Жеделділік бойынша орташа баға | |||
11 | Өзін өзі дамыту | Перспективті қызметкерлерді анықтайды және оларды жылжыту бойынша ұсыныстар енгізеді | |
Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдайды | |||
Өз мысалында өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді | |||
Өзін-өзі дамыту бойынша орташа баға | |||
12 | Бастамашылық | Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді | |
Қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдерді енгізу бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді | |||
Мемлекеттік органның қызметін жетілдіру үшін жобаларға бастамашылық етеді | |||
Бастамашылық бойынша орташа бағалау |
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
"Б" корпусы қызметшілерін 360 әдісімен бағалау парағы
Бағаланатын қызметкердің Т.А.Ә ______________________________
Құрметті респондент!
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сіздерге өз әріптестеріңізді 360 әдісімен бағалауды ұсынамыз.
Ескертпе: 360 әдісі - бағаланатын адамның жұмыс ортасындағы адамдар тобынан сұрау арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл әдіс Сіздің әріптесіңізге өзінің күшті және әлсіз жақтарын жақсы түсінуге, одан әрі өсу мен даму әлеуетін көруге көмектеседі.
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірін көрсету қажет (құзырет көрінбейді; құзырет сирек көрінеді; құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді; құзырет көп жағдайда көрінеді; құзырет әрқашан көрінеді).
Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Жасырындылыққа кепілдік беріледі.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстығын арттыра аласыз.
№ р/р | Құзыреттердің атауы | Құзыреттер бойынша сұрақтар | Жауаптар |
1 | Тиімді коммуникациялар құру | Өз қызметін әріптестерімен үйлестіре алады, коммуникацияларға ашық, іскерлік ынтымақтастыққа дайындық танытады, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі | |
Жанжалдарды ортақ іс үшін пайдамен шеше алады, бұл ретте өз көзқарасын дәлелді жеткізеді және әріптестерінің пікірін ескереді | |||
Мүдделі тараптармен топтың/команданың / тиімді жұмысын құрады | |||
Тиімді коммуникацияларды құру бойынша орташа баға | |||
2 | Әдеп нормаларын және қағидаларын ұстану | Әдеп кодексіне сәйкес барлық жағдайларда әдеп мінез-құлық ережелерін қатаң сақтайды | |
Парасаттылық, шынайылық, тілектестік, әріптестер мен мүдделі тараптарға сыйластық қағидаттарын ұстанады | |||
Күйзелістік жағдайда өзін ұстай алады, шешім іздейді және табады | |||
Әдеп нормаларын және қағидаларын ұстану бойынша орташа баға | |||
3 | Өзгерістерді басқару | Ұйымдағы өзгерістерге оң көзқараспен қарайды | |
Өзгерген жағдайға сәйкес өз әрекеттерінің тактикасын бейімдейді, сәтсіздіктің себептерін талдайды және тәсілдерді немесе стратегияны өзгертеді | |||
Қызметкерлердің бастамаларын қолдайды және көтермелейді | |||
Өзгерістерді басқару бойынша орташа баға | |||
4 | Нәтижеге бейімделу | Күрделі мақсаттар қойып, оларға қол жеткізеді | |
Тапсырмаларды орындау үшін қосымша күш салады | |||
Нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзіне алады | |||
Нәтижеге бейімделу бойынша орташа баға | |||
5 | Дербестік және шешім қабылдау дағдылары | Мүмкіндіктерді, тәуекелдерді талдай алады, сондай-ақ ресурстарды есептей және жоспарлай алады | |
Белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете алады | |||
Ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынады | |||
Дербестік және шешім қабылдау дағдылары бойынша орташа баға | |||
6 | Ынтымақтастық | Құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауға бағдарлайды | |
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін әрбір қызметкердің әлеуетін пайдаланады | |||
Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарларды іске асырады және ортақ нәтижелерге қол жеткізеді | |||
Ынтымақтастық бойынша орташа баға | |||
7 | Жеделділік | Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді | |
Жаңа тәсілдері және оларды енгізу әдістерін зерделейді | |||
Өзгеретін жағдайларға тез бейімделеді | |||
Жеделділік бойынша орташа баға | |||
8 | Өзін өзі дамыту | Жаңа білім мен технологияларға қызығушылық танытады | |
Өзін-өзі дамытуға ұмтылады, жаңа ақпарат пен оны қолдану тәсілдерін іздейді | |||
Тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды іс жүзінде қолданады | |||
Өзін өзі дамыту бойынша орташа баға |
Жауаптар бағанында жауаптың ұсынылған нұсқаларының бірі көрсетіледі:
құзырет көрінбейді;
құзырет сирек көрінеді;
құзырет жағдайлардың жартысында көрінеді;
құзырет көп жағдайда көрінеді;
құзырет әрқашан көрінеді.
Орташа баға баллдарды қосу және әр құзырет бойынша респонденттердің жауаптарының санына бөлу арқылы автоматты режимде есептеледі.
Қызметшіні 360 әдісімен бағалау нәтижесі
(құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін)
Құрылымдық бөлімше басшысының Т. А.Ә. _________________
№ | Құзырет | Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға | Паутинка |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Тиімді коммуникацияларды құру | ||
3 | Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану | ||
4 | Өзгерістерді басқару | ||
5 | Нәтижеге бағдарлану | ||
6 | Дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары | ||
7 | Топты басқару | ||
8 | Көшбасшылық қасиеттер | ||
9 | Ынтымақтастық | ||
10 | Жеделділік | ||
11 | Өзін-өзі дамыту | ||
12 | Бастамашылдық |
Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: _______________________________
Қызметшіні 360 градус әдісімен бағалау нәтижелері ("Б" корпусының қызметшілері үшін)
Бағаланатын қызметшінің Т. А.Ә.__________________________
№ | Құзырет | Құзыреттер бойынша орташа қорытынды баға | Паутинка |
1 | Тиімді коммуникациялар құру | ||
2 | Әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану | ||
3 | Өзгерістерді басқару | ||
4 | Нәтижеге бағдарлану | ||
5 | Дербестік және шешім қабылдау дағдылары | ||
6 | Ынтымақтастық | ||
7 | Жеделділік | ||
8 | Өзін-өзі дамыту |
Әрбір құзырет бойынша бағалаудың орташа қорытынды нәтижелерін есептеу автоматты режимде әрбір респонденттің баллдарын қосу және респонденттердің санына бөлу (өзін-өзі бағалаудан басқа) арқылы жүзеге асырылады.
Бағалау нәтижесі: ______________________________
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________
жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) ________________ Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________
№ п/п | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | "А" корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түйінді нәтиже* |
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші Тікелей басшы
___________________________ ___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________ күні _______________________
қолы ____________________ қолы ____________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
№ п/п | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы |
Өлшем | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі ________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші Тікелей басшы
__________________________ _________________________
(тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)
күні _____________________ күні _____________________
қолы ____________________ қолы ____________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы: ________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: _________________________
Күні: ___________ (тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: _________________________
Күні: ____________ (тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: __________________________
Күні: _____________ (тегі, аты-жөні, қолы)