Ескерту. Шешімнің тақырыбы орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді-Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 10.10.2024 № 199 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 10.10.2024 № 199 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. 2024 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат төрағасы | Р.Абеуов |