Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 3692,9413 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 22 маусымына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Кенжебеков |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 60/03 қаулысына қосымша |
"Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар | Оның ішінде | |
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар | Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар | |||
1 | Бейсенбин Сабыржан Кайырберлинович 09-102-010-245 | 332,6500 | 330,6500 | |
2 | "Ақирек" шаруа қожалығы 09-102-010-259 | 423,7500 | 422,7500 | |
3 | Муханов Аспандияр Умирбекович 09-102-010-154 | 2470,8100 | 2463,8100 | |
4 | Нүркен ауылдық округі Жалаңтөс ауылының жерлері | 465,7313 | 463,7313 | |
Барлығы | 3692,9413 | 3680,9413 |