Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2023 жылғы 02 мамырдағы №14-02-12/295 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, Үміткер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер, Үлгі, Төрткөл ауылдарында және "Ержан" шаруа қожалығының аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфонгоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің әкімінің 20.02.2024 № 2 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үміткер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы | Рамазанова К. |