Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростов ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 7 шешімі.

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ростов ауылдық округінің әкімінің ШЕШІМІ:

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростов ауылдық округі Ростовка ауылында байланыс мұнаралары талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін ауданы 0,0600 га жер учаскесін 5 (бес) жыл мерзімінде қауымдық сервитут белгіленсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ростов ауылдық округінің әкімінің 07.12.2023 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

      1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

      2) жер учаскесін пайдаланудағы шектеулермен ауыртпалықтар: санитарлық және экологиялық талаптар сақталсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ростов ауылдық округінің әкімі Т.Ргебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады