Карантинді алу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2023 жылғы 10 сәуірдегі №15-4-1/142 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы, Бақты ауылдық округінің "Бопы" қыстағының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша кешендік ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізілуіне орай белгіленген карантин алып тасталсын.

      2. Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 3 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бақты ауылдық округінің әкімі А.Сейтхазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады