Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 6 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 22 қарашадағы №15-4-1/443 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округінде орналасқан "Ойнақай", "Мәди", "Тайынша баз" қыстақтарының аумағында белгіленген ауыл шаруашылығы жануарлары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәди ауылдық округінің әкімі Б. Райым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады