Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 58 шешімі

      "Қазақстан Республикасының Орман кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексінің 14-бабы 2)-тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің 587-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 5-тармағына және "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2023 жылғы "27 " қазандағы
№ 58 шешімімен бекітілген

Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда)

№ р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік үшін төлемақы ставкалары (Айлық есептік көрсеткіш)

1.

2

3

4

1.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалану

1.1

Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша:

жақсы

1 гектар – 1 жылға

0,07113

қанағаттанарлық

1 гектар – 1 жылға

0,053348

нашар

1 гектар – 1 жылға

0,041493

2.

Мал жаю, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы:

Ірі мал:
(түйе)

1 бас – 1 жылға

0,42694

Ірі қара мал:
сиыр

1 бас – 1 жылға

0,1161739

жылқы

1 бас – 1 жылға

0,16727

Ұсақ мал (қой)

1 бас – 1 жылға

0,01742

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас – 1 жылға

0,06099

Есек

1 бас – 1 жылға

0,034853

Ірі қара малының жас төлі

1 бас – 1 жылға

0,06099

3.

Балара ұялары мен омарталар орналастыру

1 ара ұясы – 1 жылға

0,05927

4.

Орман қоры учаскелерін көкініс өсіру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

1 гектар – 1 жылға

*

5.

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізаттар жинау және дайындау

Жалаң мия

1 килограмм 

0,01797

Сұңғыла

1 килограмм 

0,069565

Сасық кереуік

1 килограмм

0,12753

Қамыс

1 текше метр

0,052174

Ши

1текше метр 

0,052174

6.

Ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда

1 адам-күн

0,1

7.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалану

7.1

Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін

1 гектар – 1 жылға

0,05928

Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін

1 гектар – 1 жылға

0,05928

8.

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану

8.1

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану

1 гектар – 1 жылға

0,02963

      *Ескерту: мемлекеттік орман қоры учаскелерін бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері салық заңнамасымен топырақтардың сапасы бойынша орналастырған бонитеттердің балына сай анықталған айқындалған жер салығы деңгейінде белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады