Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Арал ауданы Аманөткел ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 156 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданы Аманөткел ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау";
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы | Б.Турахметов |