Жаңақорған ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 56 шешімі.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 07.11.2024 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Жаңақорған ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы Ғ.Сопбеков

  Жаңақорған ауданы мәслихатының
2023 жылғы 27 шілдедегі
№ 56 шешіміне қосымша

Жаңақорған ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

теңге (қосылған құн салығынсыз)

1

Жайлы емес үйлер

1 тұрғынға айына

115,33

2

ҚТҚ бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2261,28


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады