Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы № 2572-XII Заңы 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Келінтөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының келесі көшелеріне:

      1) Келінтөбе ауылының батыс бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге "Жұмахан Арынғазиев" есімі;

      2) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының шығысында орналасқан атауы жоқ көшеге "Әбусейіт Қалдыбеков" есімі;

      3) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ көшеге "Қалдан Байтасов" есімі;

      4) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге "Махамбет Нұржігітов" есімі;

      5) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының солтүстік бөлігінде Ш.Дүйсебеков көшесінің қиылысыда орналасқан атауы жоқ көшеге "Тлепов Оразалы" есімі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келінтөбе ауылдық округінің әкімі А. Досжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады