Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сарға ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы №58/476 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Сарға ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";
оныншы абзац алып тасталсын.
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А.Бораш |