Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 17 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданының аумағындағы жалпы көлемі 2,3690 гектар жер учаскесін "Ak Su KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне КС-110/10 кВ ІІІ сорғы станциясының көтергіш алаңының және оның құрылымдарының құрылысын салу үшін, жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Беков

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 30 қаңтардағы
  № 17 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

1

Қарақия ауданы, "Жанболат" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

2,3690


Барлығы

2,3690


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады