Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қарақия ауданының ауылдық округтері және ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 18/209 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3687 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
9 абзац келесідей редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";
10 абзац алынып тасталсын;
11 абзац алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Қалаубай |