"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Арқалық қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынымы бойынша облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Арқалық қаласының Жаңақала ауылы Қостанай облысы Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | М. Жутаев |