Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 4 қыркүйектегі | |
№ 364 қаулысына | |
қосымша | |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 20 қаңтардағы | |
№ 23 қаулысына | |
1-қосымша |
Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Елді мекен | Тәрбиеленушілердің саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||
9 сағаттық режимдегі топта болу | 10,5-12 сағаттық режимдегі топта болу | санаторлы топтар | арнайы топтар | |||
1 | қала | 19519 | 48687 | 52954 | 79676 | 95955 |
2 | ауыл | 5512 | 54160 | 59111 | 89938 | 108783 |