"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1-1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 20 қаңтардағы | |
№ 23 қаулысына | |
1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 18.11.2022 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.09.2024 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді мекен | Тәрбиеленушілердің саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||
9-сағаттық режим-дегі топта болу | 10,5-12-сағаттық режимдегі топта болу | санаторлы топта | арнайы топтар | |||
1 | қала | 19616 | 50181 | 54506 | 81598 | 98103 |
2 | ауыл | 5419 | 55728 | 60746 | 91999 | 111104 |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 20 қаңтардағы | |
№ 23 қаулысына | |
2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 18.11.2022 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 28.12.2023 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.09.2024 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
№ | Мектепке дейінгі ұйымдардың орналасқан жері | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін/3 жастан бастап | ||
9 сағаттық режимдегі топтар | 10,5 сағаттық режимдегі топтар | 12 сағаттық режимдегі топтар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Алтынсарин ауданы |
3 жасқа дейін – 12125 | - | - |
2 | Амангелді ауданы | - |
3 жасқа дейін – 9609 | - |
3 | Арқалық қаласы |
3 жасқа дейін – 16240 |
3 жасқа дейін – 16240 |
3 жасқа дейін – 16404 |
4 | Әулиекөл ауданы | - |
3 жасқа дейін – 11994 | - |
5 | Бейімбет Майлин ауданы |
3 жасқа дейін – 12761 |
3 жасқа дейін – 16154 | - |
6 | Денисов ауданы | - |
3 жасқа дейін – 12598 | - |
7 | Жангелдин ауданы | - |
3 жасқа дейін – 10135 | - |
8 | Жітіқара ауданы | - |
3 жасқа дейін – 15451 | - |
9 | Қамысты ауданы |
3 жасқа дейін – 15671 |
3 жасқа дейін – 15671 | - |
10 | Қарабалық ауданы | – | 3 жасқа дейін –15204 3 жастан бастап – 18816 | – |
11 | Қарасу ауданы | - |
3 жасқа дейін – 12524 | - |
12 | Қостанай ауданы | - |
3 жасқа дейін – 13948 |
3 жасқа дейін – 16960 |
13 | Қостанай қаласы | - | - |
3 жасқа дейін – 18190 |
14 | Лисаков қаласы | - |
3 жасқа дейін – 14724 | - |
15 | Меңдіқара ауданы | - |
3 жасқа дейін – 14724 | - |
16 | Науырзым ауданы | - |
3 жасқа дейін – 13964 | - |
17 | Рудный қаласы | - |
3 жасқа дейін – 18787 | |
18 | Сарыкөл ауданы |
3 жасқа дейін – 12750 |
3 жасқа дейін – 12750 | - |
19 | Ұзынкөл ауданы | - |
3 жасқа дейін – 10921 | - |
20 | Федоров ауданы | - |
3 жасқа дейін – 12926 | - |