Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 27 қаулысы. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 857 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 12.05.2023 № 857 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1135, № 1136, № 1137, № 1138, № 1139, № 1140 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Рудныйсоколовстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 6 қаңтардағы
  № 27 қаулысына
  қосымша

"Рудныйсоколовстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында электрмен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0756 гектар;

      2) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында су құбыры инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,1153 гектар;

      3) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында газ құбыры инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0180 гектар;

      4) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында кәріз инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,1065 гектар;

      5) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында телефонмен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0241 гектар;

      6) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында жылу желісі инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0192 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады