Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 1341 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 337, № 338, № 339, № 340, № 341, № 342, № 343 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес су құбыры мен өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 30 маусымдағы
  № 1341 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы Бородин көшесі, 233 дейін, Дружба көшесі, 35 бастап Киевская көшесі, 46 дейін шекараларында Дзержинский көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 2,7 гектар;

      2) Қостанай қаласы, Сьянов-Алтынсарин көшелерінің шекараларында Пушкин көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 0,78 гектар;

      3) Қостанай қаласы, Чехов көшесінің Железнодорожный көшесіне дейін шекараларында, Павлов-Фролов көшелерінің шекараларында Павлов көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 1,2 гектар;

      4) Қостанай қаласы, Құс фабрикасы құбыр желісі, "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорны аумағынан автовокзалға дейінгі су құбырын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 1,96 гектар;

      5) Қостанай қаласы, Гагарин-Воинов Интернационалистов көшелерінің шекараларында Садовая көшесі бойынша өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 1,34 гектар;

      6) Қостанай қаласы, 1 Май көшесінің-Баймағамбетов көшесінің шекараларында Гоголь көшесі бойынша өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 0,38 гектар;

      7) Қостанай қаласы, 5 Апрель-Набережная көшелерінің шекараларында Толстой көшесі бойынша өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 0,47 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады