Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 2107 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 801, № 802, № 803, № 804, № 805, № 806, № 807, № 808, № 809, № 810 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай қаласы әуежайының су құбырын, канализациясын жүргізу және сумен жабдықтау мен су тарту желілерін қайта жаңарту үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 19 қазандағы
  № 2107 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесінен Қарбышев көшесіне дейін Чернышевский көшесі бойынша мекенжайында Баймағамбетов көшесінен Қарбышев көшесіне дейін Чернышевский көшесі бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 1,345 гектар;

      2) Қостанай қаласы, Уәлиханов көшесі бойынша мекенжайында Уәлиханов көшесі бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,876 гектар;

      3) Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесінен Бородин көшесіне дейін Орджоникидзе көшесі бойынша мекенжайында Баймағамбетов көшесінен Бородин көшесіне дейін Орджоникидзе көшесі бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 1,1 гектар;

      4) Қостанай қаласы, 5 Апрель көшесінен Набережная көшесіне дейін Толстой көшесі бойынша мекенжайында 5 Апрель көшесінен Набережная көшесіне дейін Толстой көшесі бойынша канализацияны жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,385 гектар;

      5) Қостанай қаласы, Жамбыл көшесінен 8 Март көшесіне дейін Фролов көшесі бойынша мекенжайында Жамбыл көшесінен 8 Март көшесіне дейін Фролов көшесі бойынша сыртқы су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,402 гектар;

      6) Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 108 бойынша мекенжайында Маяковский көшесі, 108 бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,147 гектар;

      7) Қостанай қаласы, а/к-2556 дейін Зернов-Киевская көшесі мекенжайында а/к-2556 дейін Зернов-Киевская көшесі су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 1,084 гектар;

      8) Қостанай қаласы, Бородин көшесінен 1 Май көшесіне дейін Пушкин көшесі бойынша мекенжайында Бородин көшесінен 1 Май көшесіне дейін Пушкин көшесі бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,711 гектар;

      9) Қостанай қаласы, Рудненская көшесінен Садовая көшесіне дейін Жангельдин көшесі бойынша мекенжайында Рудненская көшесінен Садовая көшесіне дейін Жангельдин көшесі бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0900 гектар;

      10) Қостанай қаласы мекенжайында Қостанай қаласы әуежайының сумен жабдықтау және су тарту желілерін қайта жаңарту үшін, жалпы алаңы 1,1612 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады