Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 48 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. "Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2022 жылғы 18 наурыздағы № 126 Лисаков қалалық мәслихатының шешімі жойылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы К. Мухамадиева

  Мәслихаттың
  2023 жылғы "17" қазандағы
  № 48 шешімімен
  бекітілген

Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Октябрь кенті) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді және Октябрь кенті көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны –кент, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Октябрь кенттің аумағы көшелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Октябрь кенттің әкімі көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Октябрь кенттің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь кенттің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Октябрь кенттің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лисаков қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Октябрь кенті әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Мәслихаттың
  2023 жылғы "17" қазандағы
  № 48 шешіміне
  қосымша

Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті көшелерінің атауы

Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кентінің көшелер тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Абай көшесі

2

2

Алматинский көшесі

3

3

Буденный көшесі

2

4

Горный көшесі

1

5

Горький көшесі

3

6

Жастар көшесі

2

7

Набережный көшесі

1

8

Омаров көшесі

2

9

Степной көшесі

1

10

Тобольский көшесі

2

11

Уральский көшесі

2

12

Целинный көшесі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады