Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 17.10.2023 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы | С. Шалдыбаева |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 18 наурыздағы | |
№ 126 шешімімен | |
бекітілген |
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Октябрь кенті) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Октябрь кентінің көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Октябрь кентінің аумағы көшелерге бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Октябрь кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Октябрь кенті шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Октябрь кентінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Октябрь кентінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Октябрь кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Октябрь кенті көшелері тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Лисаков қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Октябрь кенті әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 18 наурыздағы | |
№ 126 шешімімен | |
бекітілген |
Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті көшелерінің атауы | Қостанай облысы Лисаков қаласы Октябрь кенті көшелерінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1. | Абай көшесі | 2 |
2. | Алматинский көшесі | 3 |
3. | БудҰнный көшесі | 2 |
4. | Горный көшесі | 1 |
5. | Горький көшесі | 3 |
6. | Жастар көшесі | 2 |
7. | Набережный көшесі | 1 |
8. | Омаров көшесі | 2 |
9. | Степной көшесі | 1 |
10. | Тобольский көшесі | 2 |
11. | Уральский көшесі | 2 |
12. | Целинный көшесі | 3 |