"Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 қазандағы № 121 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабына сәйкес Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 18 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мақсатында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады". "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты". Егер "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, Қазақстан Республикасы, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" ММ жұмыс уақытының тәртібі, жұмыс күнінің басталуы сағат 09.00 - де, түскі үзіліс сағат 13.00 – ден-14.30-ға дейін, жұмыс уақытының соңы 18.30-ға дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс күндері-сенбі, жексенбі.

      17-тармақтың 17-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "17) өңірлік деңгейде төтенше жағдайлардың және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, жұмылдыру жоспарын әзірлейді, аудан жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады".

      17-тармақтың 32-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "32) мемлекеттік құпияларды қорғау, құпияны қамтамасыз ету, техникалық барлауға қарсы іс-қимыл, құпия ақпаратты техникалық қорғау және құпия іс жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру".

      17-тармақтың 31-тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуы бақылау Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Алтынсарин ауданынын әкімі А. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады