Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 228 "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 271 қаулысы

      Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 228 "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 27), 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27) аудан әкімі аппаратында құпия іс жүргізу";

      "28) аудан әкімі аппаратында құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді";

      "29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады".

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады