Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және Әулиекөл аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 29 отырысының хаттамасынан үзінді көшірме негізінде Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" АҚ Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округінің, Диев ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,408 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін, "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Диев ауылында 1 (бір) жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін.

      2. "Диев ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Досмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады