Сужарған ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы әкімінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Сужарған ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 сәуірдегі қорытындысы негізінде Сужарған ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сужарған ауылындағы Байтемір көшесінің атауын Ғабдікен Мананов көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Сужарған ауылының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сужарған ауылы әкімінің м.а. Т. Күнтуар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады