Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бес жыл мерзімге газбен жабдықтау желілерін салу үшін Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының Дружба шағын ауданы аумағында орналасқан ауданы 0,1 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу Қазақстан Республикасының;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі Т. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады