Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 229 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Комаровское тау-кен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің аумағында (елді мекеннің шегінен тыс) орналасқан жалпы алаңы 18,0 гектар жер учаскесіне 2024 жылғы 31 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі Н. Өтегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады