"Qazaqstan Mining Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 25 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2020 жылғы 15 қазандағы № 815-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия негізінде Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Qazaqstan Mining Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін және 2026 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімге Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы алаңы 129,36 га жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады