"Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 144 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережелер бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" және "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.

      3. Қарасу ауданы әкімдігінің "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 84 қаулының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

  Қарасу
  ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 15 маусымдағы
  № 144 қаулысымен
  бекітілген

"Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарасу орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      2) "Қарасу ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Достық" аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3) "Қарасу ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі.

      3. Бөлімөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі 68.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;

      2) мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.

      3) мәдениет және тілдерді дамыту насихаттауды жүзеге асыру;

      4) мәдениет және тілдерді дамыту қолдау және ынталандыру;

      5) мәдениет және тілдерді дамытудың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

      6) "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Қарасу ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру, аудан аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау, азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру бостандығына құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу, шығармашылық, мәдени қызмет, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалыс саласын дамытуға, халықтың әртүрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру, аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің іске асырылуы туралы хабардар ету болып табылады.

      15. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдары мен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

      қарамағында мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы мәселелер және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар аудан ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      заңды тұлғалар мен азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатыпалу, сотта талапкер және жауапкер болу;

      2) міндеттері:

      мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;

      16. Мемлекеттік органның функциялары:

      "Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары болып табылатындар:

      Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және түсіндіру;

      "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның орындалуы.

      аймақтық тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаның орындалуын қолдау;

      мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету;

      тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" және "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      ауданда ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықты сақтау және нығайту, мәдени мұраны жеткізу;

      тарих пен мәдениет ескерткіштерін пайдалану, қалпына келтіру және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелері бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдарды және құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      17. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.

      20. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      2) Бөлімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;

      5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;

      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      8) Бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      21. Бөлімінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қарасу
  ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 15 маусымдағы
  № 144 қаулысымен
  бекітілген

"Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарасу Арена" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі 75.

      10. Осы ереже дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;

      2) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.

      3) денешынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;

      4) денешынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      5) денешынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

      6) "Қарасу ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Қарасу ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

      15. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      Өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, денешынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

      Қарамағында денешынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және денешынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар аудан ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.

      Заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу.

      2) міндеттері:

      Мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.

      16. Функциялар:

      1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;

      2) аудандық деңгейде спорт түрлерінен жарыстар өткізу;

      3) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      4) аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      5) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      6) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі әдіскер біліктілік санаттарын беру, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі" мемлекеттік қызметін көрсету;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге міндетті.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)

      17. Бөліміне басшылықты дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.

      20. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан өкілдік етеді;

      2) Бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) Бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;

      5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;

      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      8) Бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      21. Бөлімінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімнің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады