Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі Ленино ауылындағы көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Черняев ауылдық округі Ленино ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 11 шілдедегі қорытындысына сәйкес Черняев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарасу ауданы Черняев ауылдық округі Ленино ауылындағы Комсомольская көшесі Арман көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Черняев ауылдық округінің әкімі Б. Айтбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады