Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Фомин Владимир Михайлович" шаруа қожалығына (басшысы Фомин Владимир Михайлович) маусымдық су құбырын салу және пайдалану үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,7384 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін.
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |