Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Александров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7 шешімі

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Александров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне су құбыры желілерінің құрылысы үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Александров ауылдық округі, Еңбек ауылы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 4,5445 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін:

      - ауданы 0,42 га 1-ші көтергіш сорғы станциясын жобалау және салу үшін;

      - ауданы 0,5625 га 2-ші көтергіш сорғы станциясын жобалау және салу үшін;

      - ауданы 2,802 га жеткізу су құбыры желісін жобалау және салу үшін;

      - ауданы 0,76 га тарату су құбыры желілерін жобалау және салу үшін.

      2. "Қостанай ауданының Александров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Александров ауылдық округінің әкімі Р. Кембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады