Қостанай ауданының әкімдігі "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жер тіліміне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Жданов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы Ждановка ауылында орналасқан жер учаскесіне жалпы ауданы 2,3062 гектар мемлекеттік сервитут белгіленсін, 4,5 жыл мерзімге өтеусіз негізде 1-ші көтерілім, 2-ші көтерілім сорғы станциясы мен су құбыры желісін жобалауға және салуға.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қостанай ауданының Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін.

      1) осы шешімнің көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және қосу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады