Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі аумағында орналасқан жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылдық округі, Рыспай ауылы, жалпы ауданы 12,85 гектар, 5 (бес) мерзімге өтеусіз негізде:
- ауданы 6,25 гектар су құбыры желісін жобалау және салу үшін;
- ауданы 6,6 гектар су құбыры желілерін жобалау және салу үшін.
2. "Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны әкімдік ауданының интернет-ресурсына орналастыру.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Заречный ауылдық округінің әкімі | Н. Исмагамбетов |