Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы, B2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу" жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін орнату, техникалық көрсету және пайдалану үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин ауылдық округі, Алтынсарин ауылы, Школьная көшесі мекен жайында орналасқан, бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес, жалпы ауданы 0,0278 гектар, 48 жыл мерзіміне, шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы, қоғамдық сервитут белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің 02.04.2024 № 5-ш шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Жумагалиев |