Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне су құбыры желілерін жобалау және салу үшін, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Садчиков ауылдық округі, Константиновка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне жалпы ауданы 3,2580 га, оның ішінде жайылым 3,2505 га, 0,0075 га жол, Константиновка ауылында 4 жыл мерзімге уақытша жер пайдалану құқығына жария сервитут белгіленсін.
2. Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Айтмагамбетов |