Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Jastar-Agro" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Садчиков ауылдық округі, Садчиковка ауылы мекенжайында орналасқан жер учаскесіне жалпы ауданы 1,1940 га, оның ішінде жайылымдар 1,1940 га, № 1 сорғы үшін электр желілерін жобалау және салу үшін 49 жыл мерзімге уақытша жер пайдалану құқығына жария сервитут белгіленсін.
2. Қостанай ауданы Садчиков ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Садчиков ауылдық округінің әкімі | Н. Айтмагамбетов |