"Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 690 бұйрығын, "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 770-ж бұйрығын жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 267-ө бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жойылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 690 бұйрығы (№ 97847 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 770-ж бұйрығы (№124466 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде тіркелген, 2018 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министірінің міндетін атқарушы
Н. Шарбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады