Шектеуді алып тастау туралы іс-шаралар

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 14 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-20 / 284 ұсынуы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде гурт Ю.К. Дьяченко аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Сарыкөл кенті әкімінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл кентінің әкімі С. Горшенин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Қостанай

      облысының санитариялық -

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті Сарыкөл аудандық

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекеме басшысы

      ______________________ С. Ибраева

      2023 жылғы "___" _______________

  Қазақстан Республикасы Ауыл
  шаруашылығы министрлігі
  Ветеринариялық бақылау және қадағалау
  комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық
  инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
  басшысы м.а.
  _______________________ А. Торопилин
  2023 жылғы "___" ___________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады