Шектеу іс–шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 6 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 06.10.2023 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 01-20/244 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Дубинка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша қолайсыз пункт деп жариялануына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сарыкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Севастополь ауылдық округінің әкімі Т. Тыртышняя

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Қостанай

      облысы санитариялық -

      эпидемиологиялық бақылау

      департаментінің Сарыкөл аудандық

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекеме басшысы

      ___________________ С. Ибраева

      2023 жылғы "____" ______________

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Сарыкөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесі басшысы

      ________________ А. Молдахметова

      2023 жылғы "____" ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады