Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 08.08.2023 № 185 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильиновка ауылында газ тарату желілерін салу және пайдалану үшін Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін, оның ішінде:
кадастрлық нөмірі 12-183-057-481, жалпы ауданы 0,125 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-183-045-096, жалпы ауданы 1,495 гектар;
кадастрлық нөмірі 12-183-045-099, жалпы ауданы 0,455 гектар.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;
2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бейімбет Майлинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | Қ. Мыржақыпов |