Мәслихаттың 2022 жылғы 16 ақпандағы № 114 "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 213 шешімі

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2022 жылғы 16 ақпандағы № 114 "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешіммен бекітілген "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бараншина

  Мәслихаттың
  2023 жылғы "5" қаңтарындағы
  № 213 шешіміне
  қосымша
  Ұзынкөл
  аудандық мәслихатының
  2022 жылғы "16" ақпандағы
  № 114 шешімімен
  бекітілген

"Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мәслихат аппараты) Қазақстан Республикасының Ұзынкөл аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға мәселелер бойынша көмек көрсететін мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппаратында ведомстволары жоқ.

      3. Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихаттың төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мүсірепов көшесі, 14.

      Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі:

      Дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден -18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндер: сенбі-жексенбі.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы- "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Ұзынкөл аудандық мәслихаты аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Ұзынкөл аудандық мәслихаты аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Ұзынкөл аудандық мәслихаты аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.

      15. Өкілеттіктері: "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан мәслихат құзыреті мәселелері бойынша қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;

      2) мәслихат аппаратын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы – аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады.

      19. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылығына мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      20. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.

      21. "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың дайындалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, басқа да құжаттарға қол қояды;

      2) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      3) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      6) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарына, регламентке және мәслихат шешіміне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша орындайды.

      22. Ұзынкөл аудандық мәслихатының аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұзынкөл аудандық

      мәслихатының хатшысы __________ __________

      Т.А.Ә. /қолы/

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады