Шектеу іс-шараларын тоқтату және Сатай ауылы әкімінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылы әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Ұзынкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 157 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қарамалдардың сарып ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сатай ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 6 наурыздағы № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сатай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Ю. Новотеева

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы

      ауыл шаруашылығы Министіргі

      ветеринарлық бықылау және

      қадағалау Комитетінің

      Ұзынкөл аудандық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысының

      міндетін атқарушы

      _____________ Р. Канапин

  "Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау
  министірлігі санитарлық-
  эпидемиологиялық бақылау
  комитеті Қостанай облысының
  санитарлық-эпидимеологиялық
  бақылау департементінің
  Ұзынкөл аудандық санитарлық-
  эпидимеологиялық бақылау
  басқармасы" республикалық
  мемлекеттік мекемесінің
  басшысы
  ______________ Б. Ахметвалеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады